Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Шілде»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді жұма күні 13 сәуір 2018 ж сағ.18.30 Гёте Институт Алматы кинозалына шақырамыз. Бұл кеште «Шілде» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
 
Ұяң мінезді Даниэль бірсарынды өміріне серпін беру үшін Гамбургтен Стамбулға автокөлігімен саяхатқа аттанбақшы. Жолға дайындық кезінде ол әшекей бұйымдарын сатушы Юлидің кеңесіне сүйеніп, Майя тайпасынан қалған ескі сақинаны кездейсоқ сатып алады. Юлидің тұжырымдауынша бұл сақина Даниэльге қиялындағы аруды кездестіруге көмектеседі. Осымен олардың таныстықтығы аяқталуы тиіс еді. Алайда қаладан біржолата кетуге бекінген Юли жол-жөнекей Даниэльді кездестіреді...
 
 
 
Режиссер: Фатих Акын
Рөлдерде: Моритц Бляйбтрой, Кристиане Пауль
Фильм неміс тілінде
Титр неміс тілінде



 

Артқа