Оқылым Ертегілер күні
Қазақстандағы Германия елшілігі мен Кассельдегі ағайынды Гриммдер-Қоғамының бірлесе ұйымдастыруымен ағайынды жазушылардың шығармашылығына арналған «Тілдің күші халықтарды қалыптастырады» атты көрме Қазақстан Республикасының мемлекеттік Ә. Кастеев атындағы өнер музейінде өтуде. Осы көрме аясында Қазақстандағы Гёте-Институт бейнебаян байқауын өткізген еді.
Осы байқау жеңімпаздары Гёте-Институтта өтетін әдеби оқылым күні өздерінің бейнебаяндарынан үзінді көрсетеді және ертегілердің бүгінгі таңдағы өзектілігі жайлы әңгіме қозғайды.