семинар Кітап иллюстраторларына арналған воркшоп-семинар
Сандық технология мен электронды гаджеттердің дамыған заманына қарамастан кітап оқырман үшін бастапқы маңыздылығын әлі жоғалтқан жоқ. Сапалы сурет оның тез сатылуына ғана емес, авторды және сол баспаны оқырмандар ортасында танымал етуге оңтайлы әсер етеді.
Егер сіз кітап баспагері болсаңыз және сізге мынадай тапсырыс келсе: жобаны қолданыстағы эскиз арқылы емес, оны нөлден бастап дайын өнімге дейін жасап шығу қажет. Бұл жобаны бастау үшін неге сүйенер едіңіз? Оқырманды тарту үшін және сапалы өнім шығару үшін қандай әдісті қолданар едіңіз?
Осы және басқа да сұрақтарды Қазақстан, Қырғызстан және Түркменістан кітап нарығының мамандары, суретшілер мен иллюстраторлары, сонымен қатар Германиядан келген кітап баспагері Том Вибберенцпен болатын воркшоп-семинарында талқыланатын болады. Воркшоп 2018 ж. маусым айының 11 нен 15 дейін Гёте-Институт Қазақстан конференц залында өтеді.
Германиялық әріптестен біздің үйренеріміз өте көп. Басты мақсат – кітапты оқырманға жеткізу. Біздің елімізде жағдай басқаша, дегенмен Ортаазиялық мамандардың Виберенц мырзаға айтары бар. Бір сөзбен айтсақ, бұл семинарда ұзақ, әрі толыққанды конструктивті диалог болары сөзсіз.
Егер осы семинарға қатысқыңыз келсе немесе сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс нөміріне хабарласыңыз:
Тел.: + 7 727 2797899 279 79 04; 279 80 12
+ 7 747 816 15 41; +7 701 560 32 23
e-Mail.: libo-almaty@goethe.de