Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Супер-Эго»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді жұма күні 11 мамыр 2018 ж сағ.18.30 Гёте Институт Алматы кинозалына шақырамыз. Бұл кеште „Супер-Эго” атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
 
Айлакер Никтің «беделді» адамдардың алдындағы қарызы оған үрей тудыра бастады. Пролетарлық тегі бар алаяқ Ник бағалы кітаптарды заңсыз сатқаны үшін, енді бас сауғалауға тура келіп тұр. Баспана іздеу кезінде ол қартаң тартқан атақты психолог Курт Ледигтің үйіне кездейсоқ тап болады. Ұмытшақ, әрі ас-үйге мүлде жоламайтын Курт Ледиг қызының үйіне көшуден үзілді-кесілді бас тартады. Осы мүмкіндікті пайдаланған Ник қартқа күтуші боп жұмыс істеуге келісе кетеді…
 
Режиссер: Беньямин Хайзенберг
Рөлдерде: Георг Фридрих, Андре Уильмс
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Категория: 16
Кіру: ақысыз
 
Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы

Артқа