Фильм Еуропалық кино уикенді

2018 жылдың 24 - 27 мамыры аралығында „Арман“ кинотеатрында Еуропалық кино уикенді өтеді. Уикендіні Алматыдағы еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығы (EUNIC Almaty) мен Clique Fest ұйымдастырады.  
 
Уикенд бағдарламасында Ұлыбритания, Франция, Германия және Венгрия елдері өз фильмдерін ұсынады.    
 
Қазақстан Гёте-Институты 26 мамыр, сенбі күні сағ. 19:30 режиссер Томас Штубердің «Қатарлар арасында» атты көркем фильмін көрсетеді.
 
Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.

Қатарлар арасында
Германия 2018
Ұзақтығы: 125 мин.
 
Неміс киносының екі жас жұлдызы Сандра Хюллер («Тони Эрдманн») мен Франц Роговский («Хэппи-энд», Михаэль Ханеке) қала шетіндегі үлкен супермаркеттің сөрелері арасында кездеседі. Әйел тұрмыста, ал жігіттің бұрын заңға қайшы келген істері болған. Бірақ олардың арасында кез келген тосқауылға төтеп бере алардай үлкен сезім туады. Бұл картина Берлинале 2018 фестивалінде көрерменнің де, сыншылардың да көңілінен қатар шыға білді. Еуропалық кино уикенді аясында қазақстандық премьерасы өтеді.
 
Уикенд бағдарламасында:
 
24.05.  20:00       Матанги/Майя/M.I.A. (16+) / Ұлыбритания
25.05.  20:00       Күн сәулесін кіргіз (18+) / Франция  
26.05.  19:30       Қатарлар арасында (16+) / Германия
27.05.  19:30       Юпитердің жерсерігі (16+) / Венгрия, Германия,
                            Франция  
 
Қосымша мәлімет: www.arman3d.kz

 

Артқа