Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Үнсіздік шырмауында»

Қымбатты достар,
 
Сіздерді жұма күні 25 мамыр 2018 ж сағ.18.30 Гёте Институт Алматы кинозалына шақырамыз. Бұл кеште „Үнсіздік шырмауында” атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
1950 жылдары Германия экономикалық кереметті бастан кешіреді. Нацисттердің дәуірі әлдеқашан өткен. Журналист Гмиелка тұтқындар лагерінің бұрынғы басшысы еш кедергісіз мұғалім болып жұмыс атқаратыны жайлы біледі. Оны жазаға тартуға тырыспақ болғанда, кедергілерге тап болады. Тек Бас прокурор Фриц Бауэрдің көмекшісі, жас адвокат Радман ғана көмегін ұсынады. Тергеу барысында Гмиелка мен Радман көптеген бұрынғы қылмыскелердің қарапайым адамдардың арасында еркін жүргенін байқайды. Әділетсіздік мен үнсіздік шырмауынан шыға алмаған Радман ішімдікке ұрынады. Освенцим қылмыскерлері әлі де жазасыз  қалуда...
 
Режиссер: Джулио Риччарелли
Рөлдерде: Александр Фелинг, Фридерике Бехт
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Категория: 18+
Кіру: ақысыз

Гёте Институт кітапханасы

Артқа