Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Who am I»

Қымбатты достар,
 
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 8 маусым 2018 ж сағ.18.30  Гёте Институт Қазақстан кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште «Who am I» атты көркем фильмі көрсетіледі.
 
Қысқаша мазмұны
Беняминді ешкім көзге ілмейді, оның ешкімге керегі жоқ. Алайда, оның өмірі ашық мінезді, өз болмысына қарама-қарсы Макспен танысқан соң кенет өзгереді. Жігіттердің мінезі әртүрлі болғанымен, оларды ортақ қызығушылығы–хакерлік іс біріктіреді. Ол, Макстың достары: қызба мінезді Стефанмен және қияли Паулмен танысып, CLAY хакерлік тобын құрады. Олардың ерсі қылықтары қоғамның қытығына тиіп, ашуын шақырады. Беняминнің беделі артып, тіпті сүйкімді Мари де оған көңіл аудара бастайды. Бірақ, көп ұзамай хакерлік топ Европолдың назарына ілінеді. Бенямин енді бұрынғыдай белгісіз емес, атышулы кибер-қылмескерге арналған, енді оны  Хана Линдберг атты агент аңди бастайды. Ол әлемдегі ең қауіпті хакерге айналды.
 
Режиссер: Баран бо Одар
Рөлдерде: Том Шиллинг, Элиас М`Барек, Вотан Вилке Мёринг
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Категория: 13+
Кіру: ақысыз
 

Артқа