Әу, Қарауылдар, той тойлайтын уақыт та келді ғой! Кел, «асқазанға бір мейрам» ұйымдастырайық, денсаулыққа зиян келтірмеу үшін қалай дұрыс тамақтану керек, соны білетін болайық. Саған тапсырма: Cенің қалаңда немесе оның маңайында «өсетін» өнімдерден ерекше, дәмді әрі экологиялық таза тағам әзірле! Дайындау барысын #urbaneecken#dubistwasduisst#waechterparty#umweltfreundlichesessen хэштегпен әлеуметтік желілерге сал.
Өзіңнің тағамыңды «Білімнің жаңа жарығы» бекетіне 17 тамызда сағ. 15:00 алып кел де, басқа Қарауылдардың дайындаған тағамдарының дәмін тат. Дауыс беру арқылы ең дәмді тағам таңдап алынады. Оның авторы естелікке кәдесый алады және ол басқаларды дұрыс та экологиялық таза тағамдармды пайдалануға үйретсе, оған қосымша 20 000 бонус беріледі.
Бағдарламада тағы жарыстар, ойындар мен викториналар да бар.
Осы «асқазан мерекесіне» қатысу үшін 15 тамызға дейін мына электрондық поштаға жазу керек:
Gulmira.Shandybajewa@goethe.de
Назар аудар, қатысушылар саны шектеулі!
Артқа