Көрме Мұздықтың суы
Құрметті достар,
тамыздың 24-жұлдызынан қыркүйектің 8-не дейін Алматыда 9-шы АртБатФест аясында көпшілікке арналған өнер Water Streams атты көрме өтетін болады. Көрме тақырыбында Есентай өзені саласының ағындары, бізге арық болып танылатын арналары, «Қоғамдық аумақтағы өнер» форматындағы өзен жағалары мен су бұрқақтары болады. Сонымен бірге онда бірқатар халықаралық жобалар мен бастамаларды таныстырылатын болады, олардың арасында What is Art without the City/Қаласыз қандай өнер болады деген симпозиумды ерекше атауға болады. Еуропа мен Қазақстанның әртүрлі ұйымдарынан келген мамандар көпшілік аумағы және оның өнер, дизайн, белсенділік, технология мен ғылыммен байланысы жайлы мәселелерді қарастырады және оны жандандыру мен өзгерту үшін жаңа жол іздейді.
Осы көрме шеңберінде Берлиндегі өнер мен урбанистика Орталығының жобасы - Мұздықтың суы атты көрмемен танысуға болады, оның авторлары суретшілер - Бен Натан/Ben Nathan және Мэтью Чарльз Робинсон/Matthew Charles Robinson, қолдау көрсетуші- Қазақстан Гёте-Институты. Бұл жоба аясында суретшілер су бойымен бейнесапарға жол тартады: олар Іле Алатау мұзды шыңдарынан бастайды, сарқырама мен су айдындарынан Алматының арықтарына дейін су ағысының жолымен жүреді. Осы жолда қос суретші Алматыда су күнделікті адам өміріне қалай әсер ететінін зерттейді және климаттың жылып кетуіне байланысты мұздықтардың еруінен болатын қатерге де назар аударады.
Бейнематериал документалдық инсталляция ретінде көрсетілген, онда голографиялық проекциялар эксперименталды дыбыстар және жазылымдармен байланысады, сол арқылы көрерменді мұздықтар мен су ағындарының әлеміне апарады.
Glacial Waters/Мұздықтың суы көрмесінің ашылуы:
25.08.2018, сағ. 17:00 – 18:00