Жас оқырмандар клубы Жас оқырмандар клубы

Сн, 27.10.2018

10.30

Қазақстандағы Гёте-Институт

Ертегіші Катарина Риттер ханыммен кездесу

Кішкентай достар, оқушылар, ата-аналар!

Егер Сіздер/сендер неміс балалары мен жасөспірімдерінің әдебиетімен, мәдениеті мен өнерінен хабардар болғыларың келсе Алматы Гете-Институтына, жас оқырмандар клубына келіңдер.

Келесі кездесу 27.10. 2018 сағат 10:30 өтеді.

Катарина Риттер ағайынды Гриммдердің жинағынан алынған тосын әрі қорқынышты, кейде жағымды да көңілді ертегілерін шебер әңгімелейді. 

Риттер ханымның айтуынша ол әлемдегі ең тамаша кәсіп иесі екен, ол - ертегіші кәсібі.

Гёте-Институтының шақыруымен Катарина Риттер әлемнің түпкір-түпкірін,  Ванкуверден  Борнеоға дейін аралап, неміс ертегілері мен әңгімелерін айтып келеді.

Әр халыққа тән, ежелден келе жатқан осындай ауыз әдебиеті жанрын шебер меңгерген Риттер ханым Алматы Гёте-Институтына да ат басын тіремек.

Тіпті неміс тілін жаңадан үйреніп жүрсеңіз де, ертегілерді тыңдай отырып, оны еш қиындықсыз түсіне аласыз.

Ендеше, әңгіме тыңдауға келіңіз, ертегі әлеміне еніңіз!

Катарина Риттердің парақшасына сілтеме: www.geschichtenerzaehlerin.de

Артқа