Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «NSU құрбандары: Бізді ұмытпаңдар»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 19 қазан 2018 ж сағ.18.30 Гёте Институт Қазақстан конференц залына шақырамыз. Бұл кеште «NSU құрбандары: Бізді ұмытпаңдар» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Қысқаша мазмұны
Аталмыш фильм Германия азаматшасы Семие Шимшектің биографиялық романы бойынша түсірілген. Онда қайсар мінезді әйелдің басынан кешкендері мен тергеу ісінің әділетсіздігі, сонымен қатар полицияның әлсіздігі жайлы көрсетіледі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған ең ірі тергеу ісі бір жанұяның оқиғасы бойынша өрбиді.
Режиссёр: Бора Дагтекин
Рөлдерде: Алмила Багриачик, Угар Тамер, Орхан Кылыч
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Категория:15+
Кіру: ақысыз