Неміс киносының күндері KinoGerManija: Гёте!

Гёте! ©Beta Cinema

Жм, 09.11.2018

19.00

Бішкек

Германия 2010, 100 мин. (FSK 6)
Режиссер: Филипп Штёльцль
Рөлдерде: Александер Фелинг, Мириам Штайн, Мориц Бляйбтрой және т.б.
 
1772 жыл. Құқықтану факультетінің 23 жасар студенті Иоганн Вольфганг Гёте емтиханнан құлап қалады. Ашуланған әкесі ұлын Империялық жоғары соттың кішкене бір қалашықтағы бөлімшесіне жұмысқа жібереді. Ақын болуды армандайтын Гётеге баспадан оның «Гёц фон Берлихинген» драмасының қабыл алынбағандығы туралы хат келеді. Жас ақын Вецларда Шарлотте Буффқа ес-түссіз ғашық болады. Бірақ әкесі қызын басқа адамға уәде етіп қойған еді. Бұл бақытсыздық «Жас Вертердің қасіреттері» шығармасының тууына себеп болады. Роман Гётені бір сәтте неміс әдебиетінің жаңа жұлдызына айналдырады. 
 
Бағдарламада сонымен қатар:
10.11. cағ. 15         Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2017)
10.11. cағ. 17         Өзгелердің өмірі (2006)
11.11. cағ. 15         Йерихов (2008)
11.11. cағ. 17         Жат адам (2010)
 

Артқа