Неміс киносының күндері KinoGerManija: Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі

Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі © Constantin Film Verleih GmbH_Gordon Muehle

Сн, 10.11.2018

15.00

Бішкек

Германия 2017, 99 мин. (FSK 0)
Режиссёр: Андреас Дрезен
Рөлдерде: Арвед Фризе, Юстус фон Донаньи, Юле Херманн және т.б.
 
Тимм Талердің күлкіге ешқандай себебі жоқ. Анасы көз жұмған, көп ұзамай әкесі де дүние салады. Бірақ ол сонда да күлгенді жақсы көреді, жиі күледі және сүйкімді күлкісімен төңірегін баурап алады. Мұны көрген залым барон Lefuet зұлым жоспарға бел буады: Тимм оған күлкісін сатып, ақысына ешқандай бәстен ұтылмауға тиіс болады. Жарлы бала бірден шексіз бай адам болып шыға келеді – және сонымен қатар зор кедейшілікке де ұшырайды, өйткені ол залым баронның тұтқынына айналады. Оны құтқаратын жол біреу ғана: Тимм қандай да бір бәстен ұтылса, Lefuet („Teufel”, нем. әзәзіл сөзіне  анаграмма) оған күлкісін қайтарып беруге тиіс.
Андреас Дрезен Джеймс Крюстің 1962 жылы жарық көрген және сол бойынша 1979 жылы түсірілген телесериал хитке айналған бестселлерін экранизациялауға көп еңбек пен қиял жұмсаған. Фильмнің ғибраты: дүниеде еш нәрсе адамның өз жанын сатуға тұрмайды.
 
Бағдарламада сонымен қатар:
09.11. cағ. 19         Гёте! (2010)
10.11. cағ. 17         Өзгелердің өмірі (2006)
11.11. cағ. 15         Йерихов (2008)
11.11. cағ. 17         Жат адам (2010)

Артқа