Германия 2006, 137 Min. (FSK 12)
Режиссер: Флориан Хенкель фон Доннерсмарк
Рөлдерде: Ульрих Мюэ, Себастьян Кох, Мартина Гедекк және т.б.
Шығыс Берлин, 1984 жылдың қараша айы. Штази капитаны Визлер танымал жазушы Георг Драйман мен оның өмірлік серігі белгілі театр әртісі Криста-Мариа Зиландның артына түсіп, тың тыңдауға тапсырма алады. Бірақ іс барысында салқынқандылықпен ойластырылған терең жоспар Визлерді айқын моральдық шиеленіске түсіреді. «Өзге» адамдардың өміріне, өнер мен әдебиетке араласу арқылы ол бұған дейін өзіне мүлде жат болған еркін ойлау мен еркін сөйлеу секілді құндылықтарды танып, біледі.
Сонымен қатар зиялы жұптың өзара махаббаты да оған ерекше әсер етеді. Дегенмен оның күн өткен сайын өсе түсен күмәніне қарамастан, жүйенің қозғалысын тоқтату мүмкін емес еді. Сол өзгерістер барысында Драйман мен Зиландның қарым-қатынасы секілді Визлердің де жұмысы күйрейді. 1989 жылы Берлин қабырғасы құлаған кезде өзге өмір басталады.
Бағдарламада сонымен қатар:
09.11. cағ. 19
Гёте! (2010)
10.11. cағ. 15
Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2006)
11.11. cағ. 15 Йерихов (2008)
11.11. cағ. 17
Жат адам (2010)
Артқа