Германия 2010, 115 мин. (FSK 12)
Режиссер: Фео Аладаг
Рөлдерде: Сибель Кекилли, Низам Шиллер, Дерия Алабора және т.б.
Умай өзінің дөрекі күйеуін Стамбулда қалдырып, кішкентай ұлы Жемді алып өзі туып-өскен Берлинге келеді, мақсаты – Германияда зорлық-зомбылықсыз өмір сүру. Ол Берлиндегі отбасы өзіне қолдау көрсетеді деген сенімде еді. Алайда түрік халқының ұлттық салт-дәстүрін қатты ұстанған отбасы Умайдың келгеніне басында қуанғанымен, қыздарының Германияға қашып кетуін ұят қылыққа балайды. Олар Умайдың күйеуіне қайтып оралуын талап етеді. Бұл талапқа қарсы шыққан жас әйел өмірді қайтадан бастауға ұмтылады.
Бағдарламада сонымен қатар:
09.11. cағ. 19
Гёте! (2010)
10.11. cағ. 15
Тимм Талер немесе сатылып кеткен күлкі (2017)
10.11. cағ. 17
Өзгелердің өмірі (2006)
11.11. cағ. 15
Йерихов (2008)
Артқа