Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Ғажайып Марта»
Қымбатты достар,
Біз сіздерді және достарыңызды жұма күні 18 қаңтар 2019 ж сағ.18.30 Гёте Институт Қазақстан конференц залына шақырамыз. Бұл кеште «Ғажайып Марта» атты көркем фильмі көрсетіледі.
Фильм 2002 жылы Германияның "Үздік көркем фильм" атты номинациясына ілігіп, 2003 жылы испаниялық Гойя сыйлығының "Үздік еуропалық көркем фильмі" категориясы бойынша номинацияланды.
Қысқаша мазмұны
Француз мейрамханасының бас аспазшысы Марта бүкіл ықыласын аспаздық өнеріне арнаған. Өз ісін сүйетін оның күнделікті өмірі еш өзгеріссіз өтіп жатты. Алайда, кенеттен тағдыр оны басқа арнаға салып, өзі күтпеген өзгерістерге әкеп соқты. Өмірдің арнайы мәзірі жоқ, бірақ кейбір құрамын табуға болады. Романтикаға толы бұл комедиядан сіз өмірдің азды-көпті кедергілері жайлы біле аласыз.
Режиссер: Сандра Неттельбек
Рөлдерде: Мартина Гедек, Серджио Гастеллито, Максиме Фоерст.
Фильм: неміс тілінде
Кіру: ақысыз