Воркшоп Өзіңнің эко-сөмкеңді жаса!

Teamwork ©LoredanaLaRocca

Сн, 02.02.2019

13.00 - 15.00

Нұр-Сұлтан

Қымбатты неміс тілінің достары!
Сіздерді «Эко-сөмке» жобасына қатысуға шақырамыз!

Эко-сөмке – бұл матадан жасалған сөмкелер, олар Германияда бұрыннан бері қолданылып келеді. Олар өте сәнді ғана емес, сонымен бірге пластик қапшықтардың тамаша баламасы болып табылады. Пластик қапшықтарды қисапсыз қолдану қоршаған ортаға өте жаман әсер етеді: пластик шірімейді, ғасырлар бойы табиғатты ластайды және пластик қалдықтарды жеп қоятындықтан немесе оларға шырмалып қалатындықтан, көптеген жануарлар өліп жатады. Сондықтан пластиктің көзін жояйық! Біз 2019 жылғы 2 ақпанда барлығымыз бірігіп, эко-сөмкелер жасағымыз келеді. Біз олардың суретін саламыз, бояймыз, мәтін жазамыз, түймелер қадаймыз немесе материал тігеміз – қиялдарыңызға шектеу жоқ!

Аяғында әрбір қатысушы сөмкесін өзімен бірге үйіне алып кетеді және пластик қапшықтарды қолданбау үшін, оны әрбір сауда жасағанда пайдалана аласыз. Сөмке Сіздің күнделікті өміріңіздің бір бөлігі болуы тиіс. Ол барлық жерде Сіздің жаныңыздан табылуы тиіс және Сіз оны Инстаграмдағы парақшаңызда көрсетуге тиіссіз. Аяғында аса белсенді қатысушыларды сыйлықтар күтеді! Бірақ бұл туралы Сіз семинарда толығырақ білетін боласыз.

Біз Сіздерді асыға күтеміз!
Лилия, Анне және Лукас

 

Артқа