Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Goethe!»

Goehte! ©Beta Cinema

Жм, 15.02.2019

18.30

Нұр-Сұлтан

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 15-ақпаны, жұма күні, 18.30-да Гете-Институттың кітапханасында өтетін өзіміздің келесі фильм-кешімізге шақырамыз.
Кеште „Goehte!“көркемфильмі көрсетіледі. Фильм Германияда 2010 жылдың қазан айында көрсетіле бастаған. Жыл аяғына дейін көрермендер саны 600.000-ға жетіп, фильм Германияның сол жылғы ең сәтті шыққан фильмдерінің қатарынан оныншы орынға ие болды. «Goethe!»-ні Deutsche Film- und Medienbewertung (FBW) „ерекше құнды“ фильмдер қатарына жатқызды. Бұл марапаттар 2011 жылы Deutscher Filmpreis-тың төрт номинациясымен жалғасты.
 
Қысқаша сипаттама:
 
Йоган Вольфганг Гёте құқық пәні емтиханынан құлап, әкесінің жазасын орындау үшін, Жоғарғы сотта қызмет етуге, елдің шалғай жатқан бір аймағына жіберіледі де, сол жерде Лоттеге ес-түссіз ғашық болады. Бірақ ол Гётенің бастығының айттырып қойған қалыңдығы болып шығады. Жүрекке түскен жан жарасы Гётенің алғашқы шығармашылық табысына, «Жас Вертердің қасіретінің» жазылуына, себеп болады.
 
Режиссеры: Филипп Штолцл
Рөлдерде ойнағандар: Александр Фелинг, Мириам Штайн, Мориц Бляйбтрой
 
Түпнұсқа тілі: неміс тілі
Кіру тегін

 

Артқа