Әдеби кеш Әдеби кештер: Илия Трояновтың шығармалары

18:30-20:00 сағ.

Қазақстандағы Гёте-Институт

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 22-ақпаны, жұма күні, 18.30-да Гёте-Институттың кітапханасында өтетін «Оқырмандар клубының» келесі кездесуіне шақырамыз.
Кеште Илия Трояновтың баспа және электронды нұсқада Гете-Институттың кітапханасында бар шығармаларымен танысамыз.
 
Илия Троянов Еуропаның бүгінгі таңдағы ең табысты жазушыларының бірі. И.Троянов шығармашылықпен айналысқан 30 жылда отызға жуық түрлі әдеби сыйлықтармен марапатталған.
 
Кеште біз оның шығармаларынан үзінділер оқып, тыңдап, оның кітабы бойынша түсірілген фильм-трейлерді көріп, өзіміз үшін бүкіл ғаламды жүрегіне сыйдырған «әлемдерді жинаушының» тұтас бір әлемін ашамыз.
 
«Оқырмандар клубы» Сіздерді құшақ жая қарсы алады!

Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте Институт кітапханасы


Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Артқа