Құрметті неміс тілінің достары,
Сіздерді
2019 жылдың 15-наурызы, жұма күні, 18.30-да Гете-Институттың кітапханасында өтетін өзіміздің келесі фильм-кешімізге шақырамыз. Кеште „Мәселе ырғақта!“ деректі фильмі көрсетіледі.
Өмірде сондай ғажап фильмдер мен кітаптар бар! Оларды көргеннен кейін, оқығаннан кейін, жаныңа бір дауа тауып, тыныққандай, кәусар бұлақтың шипалы суын ішкендей сезінесің...
«Мәселе ырғақта!» деректі фильмін көргенде, дәл сондай әсер аласың.
Қысқаша сипаттама:
"Британдық Малдумның басқаруымен әлеуметтік және географиялық шығу тегі әртүрлі 250 бала мен жасөспірім оның Стравинскийдің «Құдіретті көктем» балетіне қойылған хореографиясын үйренеді.
Сонымен қатар Берлин филармониясы сэр Саймон Рэттлдің дирижерлық етуімен Стравинскийдің шығармасын дайындайды.
Әсерлі деректі фильм "Трептов-"Аренадағы көрермен шаттана қабылдаған қойылыммен аяқталады.
Сіздерді осы жүрек қылын тербейтін кереметке куә болып, әсер алуға шақырамыз!
Фильмге қатысушылар: Берлин филармониясы, сэр Саймон Рэттл, Ройстон Малдум тағы басқалар және Берлин мектептерінің 250 оқушысы
Түпнұсқа тілі: неміс тілі
Субтитр: орыс тілінде
Кіру тегін
Артқа