Құрметті неміс тілінің достары,
Сіздерді
2019 жылдың 19-cәурінде, жұма күні, 18.30-да Гете-Институттың кітапханасында өтетін өзіміздің келесі фильм-кешімізге шақырамыз. Кеште „Тим Талер немесе сатылған күлкі“ фильмі көрсетіледі.
Режиссер Андреас Дрезеннің 2017 жылы шыққан "Тим Талер немесе сатылған күлкі" атты балалар фильмі 2017 - 2018 жылдары бірнеше номинация бойынша марапатталды: Ең үздік балалар фильмі, Фильмге жазылған ең үздік музыка, Ең үздік дыбыстау, Goldener Nils сыйлығына ие болды және Кино ТВ байқауында да бір номинацияға ие болды.
Фильм әлемге әйгілі неміс жазушысы Джеймс Крюстің аттас кітабының негізінде түсірілген. "Күле алмайтын адам ешқашан бақытты болмайды, оған дүниенің ақшасын берсең де, көмектеспейді" атты белгілі кітаптың негізгі идеясы фильмде кеңінен ашылған: Қазіргі өмірде жауыздық қалай "күн көреді"?
Deutsche Film- und Medienbewertung (Германияның фильмдер мен ақпарат өнімдерін бағалайтын ұйымы) бұл фильмді „ерекше құнды“ фильмдер қатарына жатқызды.
Үлкендер мен балаларға арналған дана және өте әдемі фильм!
Қысқаша сипаттама:
"Тим Талердің күлкісіне бір адам төтеп бере алмайды. Оның еліктіргіш және тұйыққа тірейтін күлкісі өте бай Натйаш (атын керісінше оқы) мырзаға ұнап қалады. Мырза ол күлкіге ие болғысы келеді де Тимге қызық мәміле ұсынады: Тим күлкісін оған сатуы тиіс, есесіне баланың барлық тілегі орындалатын болады".
(фильмнің ресми интернет-беті: https://www.constantin-film.de/kino/timm-thaler-oder-das-verkaufte-lachen/)
Режиссеры: Андреас Дрезен
Рөлдерде ойнағандар: Aрвед Фризе, Юстус фон Донаньи, Аксель Праль
Түпнұсқа тілі: неміс тілі
Субтитр: орыс тілінде
Кіру тегін
Артқа