Егер Сіздер/сендер неміс балалары мен жасөспірімдерінің әдебиетімен, мәдениеті мен өнерінен хабардар болғыларың келсе Алматы Гете-Институтына, жас оқырмандар клубына келіңдер.
Келесі кездесу 17.05. 2019 сағат 16:00 өтеді.
Қазақстан Гёте-Институтының 25 жылдық мерейтойы аясында Риттер ханым өзінің «батыс-шығыс диваны» атты аңыздар жинағынан шекараны мойындамас достық пен бақыт жайлы қазақ, қырғыз және неміс әңгіме-ертегілерін әңгімелеп береді!
Риттер ханымның айтуынша ол әлемдегі ең тамаша кәсіп иесі екен, ол - ертегіші кәсібі.
Әр халыққа тән, ежелден келе жатқан осындай ауыз әдебиеті жанрын шебер меңгерген Риттер ханым Қазақстан Гёте-Институтына да ат басын тіремек.
Тіпті неміс тілін жаңадан үйреніп жүрсеңіз де, ертегілерді тыңдай отырып, оны еш қиындықсыз түсіне аласыз.
Катарина Риттердің Қазақстан мен Қырғызстандағы кездесулері:
14 мамыр 2019 сағат 15:00 – Неміс оқу залы, Оғанбаев көшесі, 242, Бішкек
15 мамыр 2019 сағат 13:00 – инфоорталық/ Сатылғанов атынд.кітапхана, Құрманжан датка 271,Ош
16 мамыр 2019 сағат 14:00 – Пушкин кітапханасы, Қазақстан к., 102, Өскемен
17 мамыр 2019 сағат 16:00 – Гёте-Институт, Наурызбай батыр к., 31, Алматы
18 мамыр 2019 сағат 14:00 - Балалар кітапханасы, Төлеби к., 27, Алматы