Фильм көрсетілімі Фильм көрсетілімі: «Бұршақ - сағат бес жарымда»
Құрметті неміс тілінің достары,
Сіздерді 2019 ж. 17-мамыр/жұма күні, 18.30-да келесі фильм-кешімізге шақырамыз. Кеште „Бұршақ - сағат бес жарымда“ ("Erbsen auf halb sechs") фильмі көрсетіледі.
"Мен көру дегеннің не екенін білеймін. Әлемді басқаша қабылдаймын. Өзімше. Саусағыммен көрем. Бүкіл тәніммен көрем"... "Бұршақ - сағат бес жарымда" фильмінен.
"Көз соқыр. Көкірек ояу", Антуан Сент де-Экзюпери, "Кішкентай ханзада".
Режиссер Ларс Бюхельдің 2004 жылы шыққан фильмі ерекше фильм.
Кейбір тұстары тіпті асыра баяндалғандай әрі шындыққа сай еместей. Сәтті аяқталған ғажайып па, әлде сезімге толы "ертегі" ме? Әлде жақсы қойылған драма ма? Әдемі әзілді фильм бе? Оның бағасын өздеріңіз берерсіздер, құрметті көрермен!
Қысқаша сипаттама:
Жол апатының салдарынан Якоб көру қабылетінен айрылады. Лилли, оның тумысынан соқыр мұғалімі, Якобқа көмек көрсетуге тырысады. Бірақ Якобтың ендігі өмірге деген құлшынысы жоқ, арманы -Ресейде тұратын ауру анасын бір көру. Сөйтіп, қос зағип тіпті көзі көретін адамның да батылы бара бермейтін алыс сапарға аттанады.
Режиссеры: Ларс Бюхель
Рөлдердеойнағандар: Хильмир Снайр Гвюднасон, Фритци Хаберландт
Түпнұсқа тілі: неміс тілі
Субтитр: неміс тілінде
Кіру тегін