Фильм көрсетілімі «Тең деңгейде»

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 14-маусымында, жұма күні, 18.30-да Гёте-Институттың кітапханасында өтетін өзіміздің келесі фильм-кешімізге шақырамыз. Кеште 2016 жылы түсірілген „ Тең деңгейде“ фильмі көрсетіледі.

Қысқаша сипаттама:

Анасы көз жұмған соң балалар үйіне орналасқан Михи өзін онда бақытты сезіне алмайды. Туысқандары жайлы да еш хабарсыз. Өзінің әкесі болуы мүмкін адамға арнап жазылған анасының хатын тауып алған 10 жасар баланың кенет көңілінде үміт оты тұтанады. Михи ол адамды іздеп, табады. Бірақ ол баланың қиялындағы әке бейнесіне мүлде сай емес еді. Ұлым бар деген ой санасына да кірмеген Том ергежейлі болатын. Мұны біліп алған балалар үйіндегі басқа жасөспірімдер Михиді мазаққа айналдырады. Бұл жайт, әрине, Михидің Томға деген қатынасына әсер етпей қоймайды. Бұл аз болғандай, кәмелетке толмаған балалар ісіне жауапты басқарма қызметкері әкелікті анықтайтын тестіге тапсырыс беріп қойыпты...  

Режиссерлері: Йоахим Долльхопф, Эви Гольдбруннер
Рөлдерде ойнағандар: Луис Форбах, Джордан Прентис, Элла Фрэй және т.б.

Түпнұсқа тілі: неміс тілі
Субтитр: неміс немесе орыс тілінде таңдауға болады.
Кіру тегін

 

Артқа