Құрметті неміс тілінің достары,
Сіздерді
2019 жылдың 27.09., жұма күні, 18.30-да Гете-Институттың кітапханасында
өтетін «Оқырмандар клубының» келесі кездесуіне шақырамыз.
Неміс тілін жылдам әрі сапалы меңгеруді армандайсың ба?! Неміс тілінде мүлтіксіз және сауатты сөйлеу үшін сабақтан тыс, қосымша қызықты әрі дұрыс нәтиже беретін әдіс іздейсің бе?!
Онда Гёте-Институтының
LiteraturRaum-ына кел!
Неге десең...
LiteraturRaum-дағы неміс тілі өлең мен әдебиет тілі! Ұйқас пен ырғаққа толы көркем, әрі бай тіл!
Қызықты ұйқасты өлең жолдары арқылы - дұрыс дыбыстау мен интонацияны жеңіл үйрене аласың!
Тіпті ұзақ фразаларды да еш қиындықсыз қайталай аласың!
Немісше өлең оқы!
Контекстегі сөздерді ғана емес, түрлі сөз тіркестерін де төгілдіре сөйлей алғың келсе – диалогы көп әңгіме кітабын оқы!
Грамматикалық жаттығулардан мезі болсаң –жай ғана кітап оқы!
Қызықты оқиға желісіне беріле оқыған сайын, еш ережесіз-ақ, барлық тіл заңдылықтары, тура сиқырдағыдай, өздігінен түсінікті болады! Ондай білімнің есіңде мәңгі қалары сөзсіз! Сондықтан... тағы да кітап оқы!
Ең дұрысы- бізге кел, бірге оқиық!
Бірге кітап оқи отырып, Германия және басқа да неміс тілді елдердің мәдениетімен танысамыз!
Бәрі тек неміс тілінде! Еш қиындықсыз, жеңіл әрі өте қызықты!
Мұндай шараларға қатысу тегін, жас ерекшелігіне де шектеу жоқ. Тілді меңгеру деңгейің де кедергі болмайды, А1 бастап жоғары деңгейге дейін!
Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html
Артқа