Әдеби оқу Штефани Һөфлердің ИНФОЛАБ-тағы оқулары

Сс, 29.10.2019

Құрметті неміс тілінің достары,
 
Сіздерді 2019 жылдың 29.10. күні, 18.30-да Нұр-Сұлтан қаласындағы ИНФОЛАБ-қа  халықаралық әдебиет алаңында кеңінен танымал неміс жазушысы Штефани Һөфлердің оқуларына шақырамыз.

Штефани Һөфлердің әлем балалары мен жасөспірімдерін толғандыратын көкейтесті тақырыптарға арналған әңгімелері мен повестерін жариялай бастағанына аса көп болған жоқ. Соған қарамастан, оның Beltz & Gelberg баспасынан жарық көрген Mein Sommer mit Mucks (2015), Der Tanz der Tiefseequalle (2017) және Der große schwarze Vogel (2018) атты алғашқы кітаптарына оқырмандар мен сыншылар оң бағасын беріп, олар Германияның жастар әдебиеті саласындағы сыйлығына (Deutscher Jugendliteraturpreis) ие болып үлгерді.

Сондай-ақ біздің Onleihe қорымызды да назарларыңызға ұсынамыз: www.goethe.de/ins/kz/ru/alm/kul/bib/onl.html

 

Артқа