Қымбатты достар,
Сіздерді және достарыңызды
жұма күні 25 қазанда 2019 ж сағ.18.30 Гёте-Институтының кітапхана залына шақырамыз. Бұл кеште балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оствинд» атты көркем фильмі көрсетіледі. Фильмдерді Бағалау жөніндегі Германия Комитеті аталмыш фильмді "мәні зор"деп атады. 2013 жылы фильм "Үздік режиссура", "Үздік жас актриса" санатындағы "Белый слон" балалар басылымының сыйлығымен және Үздік балалар фильмі ретінде Лейпциг киноөнер жәрмеңкесінің (Filmkunstmesse Leipzig) сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, бұл фильм неміс кинотеатрлары қауымдастығының (Gilde-Filmpreis) үздік балалар фильмі атағына ие болды.
Қысқаша мазмұны
14 жасар Мика келесі сыныпқа өтпей қалған соң, жазғы демалысын лагерьде өткіземін деген жоспары көзден бұл-бұл ұшты. Жазалау мақсатында ата-анасы оны әжесінің қолына жібереді. Қатал қарт ананың бақылауында болатын Мика енді бүкіл демалысын кітап оқумен өткізуі тиіс. Алайда әжесінің жылқы фермасы Мика ойлағаннан әлдеқайда тәуір боп шықты. Асау жылқы Оствинд селқос Миканың қызығушылығын тудыра бастады. Осы тұрғыда жылқышы Сэм одан көмегін аяған емес. Мика мен Оствиндтің арасында ерекше достық орнайды.
Режиссёр: Катя фон Гарньер
Рөлдерде: Ханна Бинке, Марвин Линке, Корнелия Фробоес, Тио Прюкнер.
Фильм неміс тілінде
Титр орыс тілінде
Кіру: ақысыз
Уақытыңыз қызықты өтсін!
Гёте-Институт кітапханасы
Артқа