Воркшоп Ескіден жаңа жаса!

 Ескіден жаңа жаса!

Жм, 07.02.2020

13.00 - 17.00

Нұр-Сұлтан

Құрметті неміс тілінің достары!
Сіздерді шын жүректен біздің Апсайклинг жобамызға қатысуға шақырамыз!
 
Апсайклинг термині екінші рет пайдалануды және ұзақ жұмыс істеу принципін білдіреді. Пайдаланылған материалдарды лақтырудың орнына, олар қайта өңделеді және басқа түрде пайдаланылады.  Осылайша, қоқыс болып көрінген заттардан мүлдем жаңа және жоғары сапалы өнімдер пайда болады: ескі шұлықтар орындықтарға арналған жастықтарға айналады, киілген джинстерден сөмке жасауға болады, бүлінген пластинка сағат болады... Мүмкіндіктер шексіз! Осылайша, апсайклинг "қалдықтарға" екінші өмір сыйлайды және айта кететіні, олар осылайша қоршаған ортаны қорғайды!

2020 жылдың 7 ақпанында біз өзіміз де апсайклингке қатысқымыз келеді және "ескі" заттардан "жаңа" бірдеңе жасағымыз келеді. Ол үшін біз, Паскале, Маруф, Нико және Лукас, семинар өткіземіз, онда біз сізге апсайклинг туралы түрлі идеялар ұсынамыз, содан кейін, әрине, сіздерге өзіміз де қосыламыз. Біз бірге "қоқысты" шығармашылық тұрғыдан өңдейміз!
 
Соңында әрбір қатысушы өзі "қайта өңдеген" нәрсесін үйіне алып кетіп, оны күнделікті өмірде пайдаланатын болады. Бұл туралы сіз өзіңіздің Instagram парақшаңызда айту және көрсету керексіз. Ең белсенді қатысушыларды жүлде күтеді! Бірақ сіз бұл туралы семинардаа толығырақ біле аласыз.

Сізге қызықты ма? Онда төмендегі нөмір бойынша WhatsApp арқылы семинарға тіркеліңіз:
+49 176 789 857 45!

Біз Сізді асыға күтеміз!
 Паскале, Маруф, Нико және Лукас
 

Артқа