Құрметті әріптестер,
біз Сіздерді онлайн форматында қашықтықта өтетін ең алғашқы дөңгелек стол кездесуіне шақырғымыз келеді. Тақырыбы – «Дигитал дәуірдегі неміс тілі шет тілі ретінде» деп аталады.
Біз Қазақстандағы Гёте-Институттың Сіздердің оқыту үрдісіне қажет онлайн-жобаларын, Қазақстан мен Қырғызстан мектептері мен жоғары оқу орындарын қолдау үшін іс -шараларын ұсынамыз, біздің курстардың онлайн –сабағының үлгісін көрсетеміз, сол сияқты бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту кезінде болатын мүмкіндіктер мен қиындықтарды талқыға саламыз.
Бұл іс- шараға қазақстандық және қырғызстандық мектептер мен жоғары оқу орындарының өкілдері мен неміс тілін шет тілі ретінде оқытатын оқытушылар шақырылады. Негізінен іс -шараның басым көпшілігі орыс тілінде өтеді.
Қашықтықтан өтетін дөңгелек стол
2020 ж. 24 - 25 маусым аралығында ZOOM қосымшасы арқылы өтеді.
Мына жерде Cіз кездесуді өткізу жоспарын көре аласыз.
Кездесуге қатысу үшін өтінімді толтырып, өзіңіз туралы жеке бас деректерін (аты- жөніңіз, E-Mai адресі, ұялы телефон номері, жұмыс орны, қызметі)
2020 ж. 21- маусымға дейін Анна Мельник ханымға жіберіңіз:
anna.melnik@goethe.de
Тіркелім қатысушыларға сертификаттарын жіберу үшін қажет.
Сіздердің қатысатындарыңызға қуаныштымыз!
Артқа