Фильм Жүйені талқандаушылар

Режиссёр: Нора Фингшайдт
125 мин., Германия, 2019 / 12+
Рөлдерде: Хелена Ценгель, Альбрехт Шух, Габриэла Мария Шмайде, Лиза Хагмайстер және т.б.
 
Асырап алушы отбасы, бірге өмір сүруге мәжбүр топтар, арнайы мектеп: Бенни қайда барса да, аз уақыттан кейін ол жерден кетуге мәжбүр. Тоғыз жасар тағы қыз – жастар ісімен айналысатын кеңсенің жаргонында „Жүйені талқандаушы“ деп аталатын топтың өкілі. Ал Беннидің қалағаны жалғыз-ақ нәрсе: сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезіну және қайтадан өз анасымен бірге өмір сүру! Бірақ анасы қылықтары болжамға келмейтін қызынан қорқады. Ақыры барар жер, басар тауы қалмаған Бенниді оның тәрбиешісі, зорлық-зомбылыққа қарсы тренер Миха ашу мен агрессияның құрсауынан құтқаруға ұмтылады.  
 

Артқа