Фильм Жазғы үйлер
Режиссёр: Соня Мария Крёнер
97 мин., Германия, 2017 / 12+
Рөлдерде: Лаура Тонке, Мави Хёрбигер, Урсула Вернер, Гюнтер Мариа Хальмер және т.б.
1976 жылдың жаз мезгілі. Бернд әйелімен және екі баласымен жуықта дүниеден озған әжесінің жазғы үйіне барады. Саябаққа ұқсас аумақта отбасының көптеген мүшелері жиналады. Бірақ көкте өтер демалысқа деген қуанышқа басынан бастап көлеңке түседі: ескі ағашқа найзағай тиіп, құлайды, электр жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Радиодан сол төңіректе жоғалып кеткен қыз туралы хабар беріледі; кейінірек оның мүрдесі табылады. Балалар да өзара тіл табыса қоймайды. Ал ересектер арасында мұраға талас басталады. Бұл жер кімге тиесілі болмақ? „Жазғы үйлер“ фильмі баянды ғұмырдың шарасыз жойылуы туралы баяндайды.