Фильм 24 апта
Режиссёр: Анне Зора Беррахед
103 мин., Германия, 2016 / 12+
Рөлдерде: Юлия Йенч, Бьярне Мэдель, Эмилия Писке, Йоханна Гастдорф және т.б.
Кемтар нәрестені дүниеге әкелуі керек пе, әлде жоқ па деген шешімі ауыр сұрақтан қиналған жүкті әйел туралы терең толғанысқа жетелер драма. Оқиғасы батыл әрі жүйелі баяндалған фильмнің әсері ұзақ сақталары сөзсіз.