Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Асыл арман

Режиссёр: Себастьян Гроблер 
109 мин., Германия, 2011 / 0+ 
Рөлдерде: Даниэль Брюль, Бургхарт Клаусснер, Юстус фон Донаньи, Катрин фон Штайнбург, Томас Тиме және т.б. 

Маусым айының 9 - 12 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) университеттің ішкі ауласында ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.

Фильмнің сипаттамасы:
Мұғалім әрі футболдан пионер болып табылатын Конрад Кохтың шынайы тарихына негізделген „Асыл арман“ фильмі Германияда футболдың алғаш  қалай пайда болғаны жөнінде баяндайды. Фильм сонымен қатар жаңа мұғалім футболға деген қызығушылықтарын оята білген соң нағыз командаға айналған сынып туралы. Уақыт бойындағы саяхат көрерменді мектептерде әлі „тәртіп пен реттілік“ үстемдік құрған, ал футбол баспасөз бетінде „британ дерті“ деп аталған дәуірге жетелейді. 

Бұдан әрі бағдарламада:

10.06 19:00   Жүйені талқандаушылар (Режиссёр Нора Фингшайдт, 125 мин., 2019 12+*)
11.06 19:00    Атлант (Режиссёр Давид Наврат, 2018, 100 мин., 12+)
12.06 19:00    Мен кіммін (Режиссёр Баран бо Одар, 2014, 106 мин., 12+)

Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.  
*FSK ережелері бойынша


 

Артқа