Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Жүйені талқандаушылар

Режиссёр: Нора Фингшайдт 
125 мин., Германия, 2019 / 12+ 
Рөлдерде: Хелена Ценгель, Альбрехт Шух, Габриэла Мария Шмайде, Лиза Хагмайстер және т.б. 

Маусым айының 9 - 12 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) университеттің ішкі ауласында ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.

Фильмнің сипаттамасы:
Асырап алушы отбасы, бірге өмір сүруге мәжбүр топтар, арнайы мектеп: Бенни қайда барса да, аз уақыттан кейін ол жерден кетуге мәжбүр. Тоғыз жасар тағы қыз – жастар ісімен айналысатын кеңсенің жаргонында „Жүйені талқандаушы“ деп аталатын топтың өкілі. Ал Беннидің қалағаны жалғыз-ақ нәрсе: сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезіну және қайтадан өз анасымен бірге өмір сүру! Бірақ анасы қылықтары болжамға келмейтін қызынан қорқады. Ақыры барар жер, басар тауы қалмаған Бенниді оның тәрбиешісі, зорлық-зомбылыққа қарсы тренер Миха ашу мен агрессияның құрсауынан құтқаруға ұмтылады.    

Бұдан әрі бағдарламада:

09.06 19:00   Асыл арман (Режиссёр Себастьян Гроблер, 2011, 109 мин., 0+*)
11.06 19:00    Атлант (Режиссёр Давид Наврат, 2018, 100 мин., 12+)
12.06 19:00    Мен кіммін (Режиссёр Баран бо Одар, 2014, 106 мин., 12+)

Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.  
*FSK ережелері бойынша


 

Артқа