Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Атлант
Режиссёр: Давид Наврат
100 мин., Германия, 2018 / 12+
Рөлдерде: Райнер Бок, Альбрехт Шух, Торстен Мертен, Уве Пройсс және т.б.
Маусым айының 9 - 12 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) университеттің ішкі ауласында ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.
Фильмнің сипаттамасы:
Егде жасқа келіп қалған бір кездегі ауыр атлет Вальтер жүк тиеуші болып жұмыс істейді. Өзінің жүк артатын тобымен бірге ол бір пәтерді күшпен босаттыруға тиіс болады. Көне үйдің есігі ашылған сәтте Вальтер отбасымен сол жерде тұратын жігіттің бір кезде өзі тағдыр тәлкегіне тастап кеткен ұлы екенін танып біледі. Ол жақындасудың жолын іздеп, жас отбасын қатерден құтқаруға ұмтылады; ондай істің салдары жан-жақты болмақ.
Бұдан әрі бағдарламада:
09.06 19:00 Асыл арман (Режиссёр Себастьян Гроблер, 2011, 109 мин., 0+*)
10.06 19:00 Жүйені талқандаушылар (Режиссёр Нора Фингшайдт, 125 мин., 2019 12+)
12.06 19:00 Мен кіммін (Режиссёр Баран бо Одар, 2014, 106 мин., 12+)
Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.
*FSK ережелері бойынша