Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Мен кіммін

Режиссёр: Баран бо Одар  
106 мин., Германия, 2014 / 12+ 
Рөлдерде: Том Шиллинг, Элиас ЭмБарек, Вотан Мёринг, Антуан Монот және т.б. 

Маусым айының 9 - 12 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті (DKU) университеттің ішкі ауласында ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.

Фильмнің сипаттамасы:
Беньямин ешкімнің көзіне түспейді, басқан ізі білінбейді. Бірақ бұл жайт харизмалық қасиет тән Макспен танысқан кезде жылдам өзгереді. Екеуі екі түрлі адам болса да, оларда ортақ қызығушылық бар: бөтен компьютерлерге бұзып кіру. Отпен ойын басталады, ал оттың өртейтіні бесенеден белгілі.      

Бұдан әрі бағдарламада:

09.06 19:00   Асыл арман (Режиссёр Себастьян Гроблер, 2011, 109 мин., 0+*)
10.06 19:00   Жүйені талқандаушылар (Режиссёр Нора Фингшайдт, 125 мин., 2019 12+)
11.06 19:00    Атлант (Режиссёр Давид Наврат, 2018, 100 мин., 12+)

Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.  
*FSK ережелері бойынша


 

Артқа