Онлайн Гёте-клубы

Онлайн Гёте-клубы © Goethe-Institut Kasachstan

Жм, 21.01.2022 -
Жм, 30.12.2022

17.30 - 19.00

Online

Гёте-клуб кездесуінде неміс тілін жаттықтырғысы келетін барлық қатысушылар кездеседі. Біз, ойын ойнау арқылы тілді дамытып, көңілімізді көтереміз! Сонымен қатар, біз неміс әдебиетімен танысып, оның мазмұнын талқылай отырып, жаңа сөздерді үйренеміз.
Неміс фильмдерін бірге тамашалап, өзекті немесе күнделікті қарапайым тақырыптарға да әңгімелесеміз! Сізге жанға жайлы атмосферада жаңа сөздерді үйреніп, сұрақтар қоюға және де бір-бірімізбен танысуға мүмкіндік беріледі. Олай болса, бізге қосылыңыз! Гёте-клубтың бір бөлшегіне айналыңыз!
 
Қайда: ZOOM платформасында
Қашан: әр аптаның жұма күні, сағ.17.30-19.00
Тіркелу: info-almaty@goethe.de
 
Инес Ное Берлин қаласында туылған. Ол мәдениеттану және әдебиеттану мамандығын оқыған. Инес 2017 ж. Алматы қаласындағы Deutsche Allgemeine Zeitung (DAZ) баспасында іс-тәжірибеден өтті. Инес - Қазақстанның кең даласын пойыз арқылы саяхаттаған кезін, жолында кезіктірген жақсы адамдарды және қазақ пен орыс тілдерін толқыныспен жиі есіне алады. Сонымен қатар, қымыз, бешбармақ пен бауырсақ сынды ұлттық тағамдардың дәмін де ұмытқан емес. Өзге мәдениет және оның тілімен танысу – Инес үшін ұмытылмас сезім болғаны сөзсіз.
 

Артқа