Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Жоқтан бар жасау
Режиссёр: Фатих Акин, 106 мин., Германия / Франция, 2017, 12*
Рөлдерде: Дайан Крюгер, Денис Мошитто, Йоханнес Криш, Ульрих Тукур, Нуман Акар ...
Қазан айының 6 - 8 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті DKU EVENT FORUM-да ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.
Фильмнің сипаттамасы:
Катя түрік-курд текті күйеуі Нуримен студент кезінде танысқан. Ол кезде Нури наша сататын еді. Ол кейін түрмеге түсіп, сол жерде бизнес менеджментті оқып алып, кейін Катяға үйленеді. Отбасы 5 жасар ұлдарын өсіріп, бақ пен берекеде ғұмыр кешіп жатқан. Бір күні кешке Катя күйеуі мен ұлын алып кетуге келген сәтте Нуридың кеңсесінің алдында қолдан жасалған бомба жарылады. Әкелі-балалы екеуі де қаза табады. Катя ұлын Нуриға қалдырған кезде чемодан артқан велосипедін қойып жатқан әйелді есіне түсіреді. Бомба чемоданда болған еді. Катя ксенофобиялық негізді жоққа шығармайды. Себепті өткен шақтан іздеген полиция тергеуді Нуридың бұрынғы ортасына қатысты жүргізеді. Әйтсе де олар бір нацист жұпты ұстап, тұтқындайды. Катя велосипедті әйелді таниды. Мәселе сотқа жетеді. Қорғаушы юристік айлалар мен жалған мәлімдемелердің көмегімен террористік жұпты ақтап алуға қол жеткізеді. Енді Катяны ештеңе де тоқтата алмайды, оның қалағаны – кек!
Бұдан әрі бағдарламада:
7.10 18:30 Ең әдемі жұп (Режиссёр Свен Таддикен, 97 мин.,
Германия / Франция, 2018, 16)
8.10 18:30 Тони Эрдманн (Режиссёр: Марен Аде, 162 мин.,
Германия, 2016, 12)
Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.
*FSK ережелері бойынша
Тіркелу 5 қазанға дейін: https://forms.gle/Fy8s1gfiaxNgjKJp8