Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Ең әдемі жұп
Режиссёр: Свен Таддикен, 97 мин., Германия / Франция, 2018, 16*
Рөлдерде: Максимилиан Брюкнер, Луизе Хейер, Леонард Кунц, Ясна Фрици Бауэр ...
Қазан айының 6 - 8 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті DKU EVENT FORUM-да ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.
Фильмнің сипаттамасы:
Екеуі де мұғалім болып еңбек ететін Мальте мен Лив Бринкманға Майоркадағы демалыс кезінде үш жігіт шабуыл жасайды. Үшеуінің бірі Ливті зорлайды. Жұп екі жыл өткенде қорқынышты оқиғаны ұмытып, ес жиғандай болады. Бірақ бірде Мальте зорлаушыны көріп қалады. Ливтің өткен шақты ұмытқысы келеді, ал Мальте қылмыскердің соңына түседі. Екеуі бір-біріне қатты қол жұмсауға да барады. Мальте қылмыскердің жауапқа тартылғанын қалайды. Бірақ полиция оның әділдікке деген үмітін үзгендей болады. Мальте мен Ливтің қарым-қатынасы қайтадан сын тезіне түседі.
Бұдан әрі бағдарламада:
6.10 18:30 Жоқтан бар жасау (Фатих Акин, 106 мин.,
Германия / Франция, 2017,12)
8.10 18:30 Тони Эрдманн (Режиссёр: Марен Аде, 162 мин.,
Германия, 2016,12)
Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.
*FSK ережелері бойынша
Тіркелу 5 қазанға дейін: https://forms.gle/Fy8s1gfiaxNgjKJp8