Фильм Ашық аспан астындағы фильмдер: Тони Эрдманн

Режиссёр: Марен Аде, 162 мин., Германия, 2016,12*
Рөлдерде: Петер Симонишек, Сандра Хюллер, Михаэль Виттенборн, Томас Лойбль ...

Қазан айының 6 - 8 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт пен Қазақстан-Неміс Университеті DKU EVENT FORUM-да  ашық аспан астында неміс фильмдерін көрсетеді. Бағдарламада ұлттық және халықаралық фестивальдар ауқымында түрлі жүлделермен марапатталған неміс режиссёрларының тамаша көркем фильмдері.

Фильмнің сипаттамасы:
Үйде тыныш отырмаса да, зейнеткерлікке шыққан музыка мұғалімі Винфрид Конрадидің жалғыздықтан жаны құлазиды. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы кеңесші қызметінде шет елде жүрген қызы есінен шықпай, уайымға салады. Иті өліп қалған соң Винфрид Инесті көру үшін аяқ астынан Бухарестіге аттанады. Бірақ Инес келе сала өзінің өмірі мен қызметіне араласып, күлкілі киімімен жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырып, қажеттілік туса, тіпті алаяқтың да кейпіне ене қалатын әкесіне тым қуана қоймайды. Бұл әке мен қыздың қарым-қатынасы туралы ерекше трагикомедияның көңіл толқытар жері – екі жақтың та әрекеттері өзінше түсінікті болуға құқылы. Ал көңілге жұбаныш ұялатары – қайшылықтар екеуін бір-біріне жақындата түседі.
     
Бұдан әрі бағдарламада:

6.10 18:30   Жоқтан бар жасау (Фатих Акин, 106 мин.,
                    Германия / Франция, 2017,12)
7.10 18:30   Ең әдемі жұп  (Режиссёр Свен Таддикен, 97 мин.,
                    Германия / Франция, 2018, 16)
 
Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен.  
*FSK ережелері бойынша

Тіркелу 5 қазанға дейін: https://forms.gle/Fy8s1gfiaxNgjKJp8


 

Артқа