Театр NEVER FOREVER
Автор: Фальк Рихтер
Режиссёр: Андрей Лазарев
Художник: Лолита Каем
21+
Қазақстандағы Гёте-Институтпен бірлескен жоба.
Адамдар – әлеуметтік желілерде немесе терезеден қарау арқылы; реалити-шоуларды қарағанда немесе жай ғана көшеде кетіп бара жатқанда – бір-бірін бақылайды. Және әркім өзінің қарапайым адами бақытын, махаббатын – үлкен махаббатын тапқысы келеді. Бұл бүгінгі таңда мүмкін жағдай ма? Бүгінгі сырттай және іштей оқшауланған шақта? Бұл ізденіске қорқыныш, дәрменсіздік, ашу – серік. Адамдар бір-бірін бақылайды, көрермен ретінде театрда отырған кезде де. Ал театр қандай жауап бере алады? Қойылым қашан аяқталып, өмір қашан басталады? Әлде мүмкін бәрі де шеңбермен айналып, Әрқашаннан Ешқашанға қарай аға ма...
Премьера: 2021 жылдың 9 және 10 қазанында