Плакаттар көрмесі АҚ ҚОЯН, АРАБ КОЛАСЫ ЖӘНЕ ЖИҺАНКЕЗ КЕПТЕР ЖАЙЛЫ

Жм, 29.10.2021 -
Дс, 29.11.2021

10.00

Нұр-Сұлтан

29.10.- 29.11. 2021 ж. Гёте-Институт Le Monde diplomatique газетімен бірлесе  „АҚ ҚОЯН, АРАБ КОЛАСЫ ЖӘНЕ ЖИҺАНКЕЗ КЕПТЕР ЖАЙЛЫ" атты комикс плакаттар көрмесін ұсынады.

Көрме кураторы Каролина Бофингер, Le Monde diplomatique газетінің комикстер бөлімінің редакторы. Le Monde diplomatique халықаралық саясат жайлы ай сайын шығатын ірі басылымдардың бірі, қазір 20 тілде шығады. Неміс тіліндегі нұсқасы 1995 жылы шыға бастады, оны күнделікті «taz» газеті мен швейцарияның апталық «WoZ» газеті шығарады. 
2005 жылдан бері Le Monde diplomatique-тің неміс тіліндегі басылымының соңғы бетінде комикс жарияланады, бұл – оның неміс тіліндегі нұсқасының бірегей ерекшелігі.
Осы жылдар ішінде Le Monde diplomatique көптеген танымал юллюстраторлар мен комиксистермен ынтымақтасып жұмыс істеді. Өз жұмыстарында олар форма талап ететін шектеулер шеңберінен, беттің үлкен форматы мен әңгіменің шектеулі аясынан, асқан шеберлікпен шыға білді. Олардың комиксі – алдын ала болжап білуге болмайтын, көбіне ақылға сыймайтын сандырақ, қайбір кезде саясатқа, күнделікті өмір мен мәдениетке күйреуік көзқарас. 

Бұл көрмеде 44 заманауи комикс плакаттарын тамашалауға болады.
Le Monde diplomatique шығарылымдарында АТАК, Анке Фойхтенбергер және Хеннинг Вагенбрет сияқты балама комикс жұлдыздарын және кәсіби иллюстраторлар мен Надя Будде сияқты кітап суретшілерін не әйгілі шебер Фолькер Пфюллерді кездестіруге болады. Жас таланттардың, мысалы, Анна Хайфиш пен Роберт Дойчтың жұмыстары әлдеқашан атағы шыққан Барбара Елин немесе Джим Авиньон сияқты суретшілердің сурет-баяндарымен кезектесіп шығып отырады.
Сонымен қатар бұл топтамада қазіргі уақытта Германияда тұратын ресейлік комикс суретшілері Мария Сулуменко, Александр Уткин және Константин Потаповтың да жұмыстары көпшілік назарына ұсынылған.

Комикстағы мәтіндер неміс тілінде, алайда QR-код арқылы ол мәтіндер аудармасын қазақ немесе орыс тілдерінде жүктеп алып,  оқуға болады.

Көрмені 2021 ж. 29 қазан мен 29 қараша аралығында жұмыс күндері сағат 10.00 - 17.00  келіп, тамашалауға болады.

Ашылуы: 29.10.21 сағат 17:30 (арнайы шақырту бойынша)
Мекен-жайы: INFOLAB@Астана, Бейбітшілік көшесі, 8 / Отырар көшесінің қиылысы, Нұр-Сұлтан қаласы
Кіру: тегін, электронды почта немесе телефон арқылы алдын-ала тіркелу қажет, көрмеге АШЫҚ  қосымшасы арқылы кіру қажет.
Тіркелу: infolab-astana@goethe.de 
Контакт: Гульнара Нургалеева,  +7 7172 571240

 
 

Артқа