Фильм KinoGerManija: Қашқан Амели

Режиссёр: Тобиас Виманн, 97 мин., Германия/Италия 2017 / FSK 6  
Рөлдерде: Миа Казало, Самюэль Гирарди, Сюзанне Борманн, Ясмин Табатабай ...

Берлинде тұратын Амели – басынан сөз асырмайтын, әсіресе ат-анасының сөзіне құлақ аспайтын нағыз үлкен қалалық қыңыр да асау қыз. Бірде ұстап қалған кезекті демікпесі өміріне қауіп төндірер сипат танытқандықтан, ата-анасы оны Оңтүстік Тиролдағы Альпіде орналасқан емханаға жібереді. Амели ол жердегі емдік шараларды жасағысы келмейді. Жалғыз өзі бір табын сиыр шаруашылығымен айналысатын шаруаның ұлы Бартпен танысады. Бірақ ол да көңілінен шықпайды. Аз-ақ уақытта клиникадан жалығып кеткен Амели бір күні тауға қашып кетеді. Жолда Бартқа кездесіп қалады. Барт қыздың қаламағанына қарамастан, оған еріп алады. Амелиді іздеу науқаны басталады, уайымға батқан ата-анасы келіп жетеді, бірақ Амели табыла қоймайды.    

Кинопрограмма

2.12. 17:00  Тым алыс (Германия 2019, 92 мин.)
2.12. 19:00  Мен және Камински (Германия/Бельгия 2015, 124 мин.)
3.12. 17:00  Қашқан Амели (Германия/Италия 2017, 97 мин.)
3.12. 19:00  Жоқ жерден (Германия/Франция 2017, 106 мин.)

Артқа