Фильм KinoGerManija: Хёрдур – әлемдер арасында
Режиссёр: Экрем Эргюн, 84 мин., Германия 2015 / FSK 6
Рөлдерде: Альмила Багрясик, Фелицитас Волль, Хильми Сёзер, Франциска Клайнерт ...
Мектепте орын алған қақтығыстан соң Айлинге атқорада қоғамдық жұмыс істеуге үкім шығарылады. Шаруашылықтың иесі Ирис оған қатал қарайды. Айлин күрескер деген мағына беретін Хёрдур атты исландиялық атқа қызыға бастайды. Хёрдурға әуестігі қыздың өзін де өзгертеді. Ол барынша тырысып, Иристің өзіне деген көзқарасын да өзгертеді. Қыз ұзақ өтінген соң Ирис оған атқа шабуды үйретеді. Хёрдурмен бірге аламанға қатысқысы келген кезде әкесі үзілді-кесілді қарсы болады.
Кинопрограмма
10.12. 19:00 Мен және Камински (Германия / Бельгия 2015, 124 мин.)
11.12. 17:00 Хёрдур – әлемдер арасында (Германия 2015, 84 мин.)
11.12. 19:00 Жоқ жерден (Германия / Франция 2017, 106 мин.)
12.12. 17:00 Қашқан Амели (Германия / Италия 2017, 97 мин.)
12.12. 19:00 Тони Эрдманн (Германия 2016, 162 мин.)