Фильм KinoGerManija: Жоқ жерден

Режиссёр: Фатих Акин, 106 мин., Германия / Франция, 2017 / FSK 12  
Рөлдерде:
Дайан Крюгер, Денис Мошитто, Йоханнес Криш, Ульрих Тукур, Нуман Акар ...

Катя  түрік-курд текті күйеуі Нуримен студент кезінде танысқан. Ол кезде Нури наша сататын еді. Ол кейін түрмеге түсіп, сол жерде бизнес менеджментті оқып алып, кейін Катяға үйленеді. Отбасы 5 жасар ұлдарын өсіріп, бақ пен берекеде ғұмыр кешіп жатқан еді. Бір күні кешке Катя күйеуі мен ұлын алып кетуге келген сәтте Нуридың кеңсесінің алдында қолдан жасалған бомба жарылады. Әкелі-балалы екеуі де қаза табады. Катя ұлын Нуриға қалдырған кезде чемодан артқан велосипедін қойып жатқан әйелді есіне түсіреді. Чемоданда бомба болған еді. Катя ксенофобиялық негізді жоққа шығармайды. Себепті өткен шақтан іздеген полиция тергеуді Нуридың бұрынғы ортасына қатысты жүргізеді. Әйтсе де олар бір нацист жұпты ұстап, тұтқындайды. Катя велосипедті әйелді таниды. Мәселе сотқа жетеді. Қорғаушы юристік айлалар мен жалған мәлімдемелердің көмегімен террористік жұпты ақтап алуға қол жеткізеді. Енді Катяны ештеңе де тоқтата алмайды, оның бар қалағаны – кек!

Кинопрограмма

10.12. 19:00  Мен және Камински (Германия / Бельгия 2015, 124 мин.)
11.12. 17:00  Хёрдур – әлемдер арасында (Германия 2015, 84 мин.)
11.12. 19:00  Жоқ жерден (Германия / Франция 2017, 106 мин.)
12.12. 17:00  Қашқан Амели (Германия / Италия 2017, 97 мин.)
12.12. 19:00  Тони Эрдманн (Германия 2016, 162 мин.)

Артқа