Фильм KinoGerManija: Тони Эрдманн
Режиссёр: Марен Аде, 162 мин., Германия 2016 / FSK 12
Рөлдерде: Петер Симонишек, Сандра Хюллер, Михаэль Виттенборн, Томас Лойбль ...
Үйде тыныш отырмаса да, зейнеткерлікке шыққан музыка мұғалімі Винфрид Конрадидің жалғыздықтан жаны құлазиды. Әсіресе, кәсіпкерлік саласындағы кеңесші қызметінде шет елде жүрген қызы есінен шықпай, уайымға салады. Иті өліп қалған соң Винфрид Инесті көру үшін аяқ астынан Бухарестіге аттанады. Бірақ Инес келе сала өзінің өмірі мен қызметіне араласып, күлкілі киімімен жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырып, қажеттілік туса, тіпті алаяқтың да кейпіне ене қалатын әкесіне тым қуана қоймайды. Бұл әке мен қыздың қарым-қатынасы туралы ерекше трагикомедияның көңіл толқытар қыры – екі жақтың да әрекеттері өзінше түсінікті болуға құқылы. Өзара қайшылықтар әке мен қызды бір-біріне жақындата түседі.
Кинопрограмма
10.12. 19:00 Мен және Камински (Германия / Бельгия 2015, 124 мин.)
11.12. 17:00 Хёрдур – әлемдер арасында (Германия 2015, 84 мин.)
11.12. 19:00 Жоқ жерден (Германия / Франция 2017, 106 мин.)
12.12. 17:00 Қашқан Амели (Германия / Италия 2017, 97 мин.)
12.12. 19:00 Тони Эрдманн (Германия 2016, 162 мин.)