Мастер-класс Қағаз идентификациясы – сіз тек өз білетініңізді көресіз
Қараша айының 24 – 26 аралығында Қазақстандағы Гёте-Институт Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қағазды қалпына келтіру ісі бойынша мастер-класс ұйымдастырады. Мастер-класты Берлиннен келген қағаз жасаушы Гангольф Ульбрихт өткізеді. Шара Алматы қалалық музейлер, кітапханалар мен мұрағаттардан шақырылған реставраторларға арналған.