Фильм KinoGerManija in Cosmopark

Құрметті Гёте-Институт серіктестері мен кино өнерінің жанкүйерлері,
Сіздерге Бішкек қаласында  KinoGerManija in Cosmopark бағдарламасын ұсынамыз. Келіп, белгілі неміс режиссёрларының көркем фильмдерін қызықтаңыздар.
Фильмдер орыс тіліндегі субтитрмен түпнұсқа тілде көрсетіледі. 
Неміс киносының күндері 14 желтоқсанда сағат 19.00 «Мен және Камински» фильмімен басталады. Режиссёр: Вольфганг Беккер, 24 мин., Германия/Бельгия 2015 / FSK 6.

Белгілі бір деңгейдегі дөрекілікпен қаруланған оспадар, жағымсыз әрі атаққұмар журналист Себастьян Цёлльнер Швейцария Альпісіне қарай жолға шығады. Мақсаты – бақталастарының алдын орай сәтті қадам жасап, зағип болып бара жатқан әйгілі қарт суретші Мануэль Каминскидің сырын ашар кітап жазу. Ол өз бетімен тірлік етуден қалған, әрі қызы Мириам қызғанышпен бақылауда ұстайтын суретшіні үйінен табады. Цёлльнер Каминскидің жеке өміріне күшпен кіріп, тіпті әлі жарыққа шықпаған туындыларын ұрлап алады. Ол Каминскидің өлдіге саналған жас кезіндегі үлкен махаббаты Терезенің тірі екенін білген кезде қартпен бірге шытырман сапарға аттанады. Жолда автокөлік, қолжазба мен суреттер жоғалады. Сапар Цёлльнерді біртіндеп бағытынан тайдырса, Камински Цёлльнердің ойлағанындай тым зағип әрі дәрменсіз емес екендігін көрсетеді.

Бағдарламада сонымен қатар:
15.12. 17:00  Қашқан Амели (Германия / Италия 2017, 97 мин.)
15.12. 19:00  Жоқ жерден (Германия / Франция 2017, 106 мин.)
16.12. 17:00  Тым алыс (Германия 2019, 88 мин.)
16.12. 19:00  Фукусимадан сәлем  (Германия 2016, 104 мин.)

Артқа