Гёте-Институт және Макс Планк қоғамы «Ғалам. Адам. Сана» жаратылыстану-ғылыми экспозициясын ұсынады, ол Германияның озат зерттеу жобаларына арналған. Суреттеме, бейне және ғылыми-зерттеу жобаларының презентациялары түріндегі интерактивті көрме адамзаттың ұлы құпиялары, ғылыми ойдың жетістіктерін көрсетіп, ғылым мен қоғам үшін өзекті болатын мәселелер туралы ойландырады.
«Ғалам. Адам. Сана» Макс Планк қоғамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынады, Германияның заманауи ғылыми жаңалықтарын көрсетеді және Жердің әрбір тұрғынына қатысты, адамзат оларға жауап беруі тиіс болатын маңызды мәселелерді көтереді. Жас адамдардың жаратылыстану-ғылыми зерттеулерге қызығушылығын ояту, олардың өздерінің ойлануын, сондай-ақ Германия мен неміс тіліне қызығушылықтарын арттыру - жоба мақсаты болып табылады.
Көрме бес бөлімнен құрылған: «Ғалам», «Homo sapiens жолы», «Біздің ми», «Антропоценде өмір сүру» және «Жасанды сана». Әрбір модульде жасаушылар заманауи интерактивті форматтарын пайдаланады: мысалы, бет морфингін қоса, бейне инсталляциясы, ғарыштағы қашықтықтарды көрсететін әуе шар немесе интерактивті зертхана сөресі, ол адам қызметінің қоршаған ортаға әсеріне арналған. Ерекше инсталляциялар дыбысталған әуен әсерімен әртүрлі эмоцияларды сезінуге немесе роботпен байланысуға мүмкіндік береді. Жекелеген экспонаттары бар тағандар көптеген жаңалықтарды – мысалы, жасы 40 000 жыл болған сыбызғының дыбысы қандай және жер үстінде алтын қайдан келгенін білуге көмектеседі. Осыған қоса, QR-кодтары көмегімен бейне, кескіндер галереясы немесе подкаст түрінде қосымша материалдарды көруге мүмкіндік бар. Көрме материалдары неміс тілін үйренетіндер үшін бейімделген және неміс пен орыс тілдерінде ұсынылған.
Экспозиция, бірінші кезекте, неміс тілін үйренетін оқушылар мен студенттер топтарына (10-15 адам) арналған – оларға неміс немесе орыс тілінде интерактивті экскурсия-квест ұсынылады. Сонымен қатар, Германия мен оның заманауи ғылыми зерттеулеріне қызығатын барлық адамдарды қатысуға шақырамыз. Жеке қатысушыларға көрмеге топтардың қатарында қатысуына болады.
Көрмеге топпен және жеке қатысу үшін алдын ала тіркелу керек!
ТІРКЕЛУ ҮШІН
UMI ҒАЛАМ. АДАМ. ИНТЕЛЛЕКТ. көрмесінің аясында болатын іс-шаралар бағдарламасы
Неміс тілі оқытушылары үшін
Дидактикалық материалдарды ұсынамыз, олардың көмегімен сіз неміс тілі деңгейі А1-B2 болатын неміс тілі сабағында көрме тақырыптарын енгізе аласыз
Артқа