Фильм БҰЗЫЛҒАН ТЫЙЫМДАР – ГДР-дегі ӘЛЕУМЕТТІК-СЫНИ КИНЕМАТОГРАФ

БҰЗЫЛҒАН ТЫЙЫМДАР © Goethe-Institut Kasachstan

Ср, 30.03.2022 -
Бс, 30.06.2022

Online

ГДР-де саяси жүйені сынауға толық тыйым салынған еді. Баспананың жетіспеушілігі, жұмыссыздық, қылмыс немесе батыстық үлгілерге бағытталған жастар мәдениеті секілді проблемалар ресми көзқарас бойынша социалистік мемлекетте мүлде болған жоқ. Егер де жүйе проблемалық сипатта деп тапса болды, нақты өмірде орын алған барлық қоғамдық мәселелерге тыйым салынатын. Соған қарамастан, DEFA режиссёрлары кейін зияны тиюі мүмкін екенін білсе де, өздерінің көркем және деректі фильмдерінде дәл сол мәселелерді саралауға тырысты. Фильмдердің шығарылу мерзімінің ұзара түсуі немесе күткен табыстың келмеуі секілді жайттар жиі кездесетін салдар еді. Ондай фильмдер кинотеатрларда кеңінен көрсетілмейтін немесе экспортқа шығарылмайтын. Маңызды дәуір құжаттары ретінде сол фильмдер бүгінгі таңда бізге ГДР-дің өміріне көз тастауға мүмкіншілік береді.
«Бұзылған тыйымдар – ГДР-дегі әлеуметтік сыни кинематограф» фильмдер топтамасы DEFA кино өнеріндегі әлеуметтік сыни көзқарастарды талдап, назарды сол тыйым салынған тақырыптарға аударады.
«Deutsche Film AG» (DEFA) тура 75 жыл бұрын Потсдам-Бабельсбергте құрылған. Оның қатысуымен түбегейлі өзгерістер дәуірі келгенге дейін 700 көркем фильм, 2500-дей деректі және қысқа фильмдер, сондай-ақ 950 анимациялық фильмдер жарыққа шыққан. ГДР-дің жалпы кино өнері қазіргі таңда DEFA қорының иелігінде. Аталмыш топтама DEFA Кітапханасымен бірге киностудияның 75 жылдық мерейтойына орай жинақталды.

Фильмдер туралы

Фильмдерді көру үшін мынадай қадамдар жасалады:
1. Сілтемеге басыңыз: https://defa75.goethe-on-demand.de/
2. Қалаған фильмді таңдаңыз. Фильм сайтының төмен жағындағы „Смотреть фильм сейчас“ (нем. „Film jetzt ansehen“) батырмасын іске қосыңыз.
3. Келесі ену бетінде электрондық адрес пен құпиясөзді енгізіп, тіркелу қажет. Немесе өзіңіздің тегін аккаунтыңызды ашыңыз (платформаны қолданар әр жолы осы деректер енгізілуі керек).
4. Тұтыну шарттарын қабылдаңыз да, „Взять фильм сейчас“ (нем. „Film jetzt ausleihen“) батырмасын іске қосыңыз.  Дайын.
5. Төменгі оң жақта орналасқан СС белгісі арқылы субтитр таңдауыңызға болады.
6. Стриминг сіздің ғаламтор- байланысыңыздың сапасына автоматты түрде бейімделеді. Қандай да бір техникалық ақау байқасаңыз, төменгі сол жақта орналасқан „Опциялар“ батырмасы арқылы фильмнің кішірек нұсқасын таңдай аласыз.
7. Әр фильмді 48 сағаттың ішінде тегін көруге мүмкіншілік бар. Құптау жауабы электрондық поштаңызға келеді.   
Фильмге арнаған уақытыңыздың жақсы өтуіне тілектеспіз! 

Фильмдерге
 

Артқа